16 мамыр 2017 12:41

Астанада адамға лық толы автобус видеоға түсірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Жолаушылар көлігі басқармасындағылар адамға лық толы автобус түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жолаушылар көлігі басқармасындағылар адамға лық толы автобус түсірілген видеоға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде 53-ші бағытта жүретін автобустың салонына адамдардың сыймай тұрған видеосы пайда болды. Кейбір жолаушылар есіктен ұстап, автобустың сыртында жармасып тұрғаны және бір ер адамның жолаушыларға көмектеспекші болып, олардың арқасынан итеріп жатқаны түсірілген. 

Жолаушылар көлігі басқармасындағылар осы жағдайға байланысты пікір білдіре отырып, биыл 1-30 сәуір аралығында "Жорға МТ" ЖШС жұмысына сараптама жасалғанын, соның қорытындысы бойынша, аталған ЖШС келісім талаптарын орындамайтыны, яғни тізбекке қажетті көлемде автобустарды шығармайтыны анықталғанын хабарлады. Осыған байланысты осы бағытта жүретін автобустарды пайдаланушы жолаушылар ЖШС жұмысына шағымданған. 

"Осы орайда 15 мамырда Басқармадан "Жорға МТ" ЖШС өкілдеріне № 53 бағытында жүретін автобустардың жоспарланған кестелердің орындауы туралы ескерту хат жіберілді. Осы талаптар орындалмаған жағдайда бұл маршрут басқа тасымалдаушыға беріледі", - деді Жолаушылар көлігі басқармасындағылар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети