Астанада Air Arabia ұшағының есігі қатып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Air Arabia ұшағының есігі қатып қалды © airarabia.kiev.ua

Астана-Шарджа рейсі ұшақтың жүк салғышының есігі қатып қалғанына байланысты кейінге қалды. Бұл жөнінде Астана әуежайы баспасөз қызметінің мамандары мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Рейс техникалық себептерге байланысты қалдырылды, жүк салғыштың люгі қатып қалды. Air Arabia бұл әуе кемесіне қызмет көрсету бойынша Air Astana әуе компаниясының қызметін пайдаланады. Қазіргі таңда әуе компаниясы жолаушыларды қонақүйлерге орналастыру мәселесімен айналысып жатыр. Рейс сағат 19.00-ге ауыстырылды", - деп хабарлады баспасөз қызметінің мамандары.

Ұшақ Астана әуежайынан таңғы сағат 4:55-те ұшып шығуы тиіс болған.

Айта кетейік, метеосайттардың мәліметтері бойынша, Астанада түнгі ауа температурасы 20 градустан төмен болған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети