25 тамыз 2023 | 09:34

Астанада әкімдік пен министрліктердің бұрынғы шенеуніктері сотталып жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында түрлі ведомствоның бір топ мемлекеттік қызметшісіне қатысты сыбайлас жемқорлық және өкілетін асыра пайдаланды деген айыптар бойынша іс қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында түрлі ведомствоның бір топ мемлекеттік қызметшісіне қатысты сыбайлас жемқорлық және өкілетін асыра пайдаланды деген айыптар бойынша іс қаралып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот кабинетінде жарияланған іс материалдары бойынша, Астана қаласы құрылыс басқармасының бұрынғы басшысы және оның орынбасары ірі көлемде пара алды деп, яғни заңсыз әрекеті (әрекетсіздігі) үшін айыпталған. Сонымен қатар, басқарманың бұрынғы басшысына ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтік өкілетін асыра пайдаланды деген айып тағылып отыр.

Сондай-ақ, бұл іске Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің бұрынғы екі лауазымды тұлғасы қатысты – олар алдын ала келісім бойынша бір топ адамнан пара алды деп айыпталған.

Тағы бір күдікті - ТЖМ астаналық төтенше жағдайлар департаменті бөлімдерінің бірінің бұрынғы басшысы. Азаматтық қорғау қызметкері аса ірі мөлшерде пара алды, яғни заңсыз әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін пара алды деп айыпталған.

Экс-шенеуніктерден бөлек, айыптау орнында бірнеше рет алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам пара берді деген күдікке ілінген екі ЖШС-нің өкілдері бар.

Еске салайық, былтыр шілдеде Антикор елордадағы Мұңайтпасов стадионын төтенше жағдайда деп тануға көмектескені үшін пара алу дерегіне қатысты тергеу басталғанын хабарлаған болатын.

"Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион" нысанды авариялық жағдайда деп тануға жәрдемдескені үшін ЖШС директорынан 5 миллион теңге сомасында пара алу дерегі бойынша ТЖД басқармасының басшысына қатысты соталды тергеу басталды", - деп хабарлады Антикор.

Стадион төңірегіндегі жемқорлық дауына қатысты қылмыстық іс бойынша басқа айыпталушылардың қандай рөл атқарғаны әлі белгісіз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети