04 қыркүйек 2014 | 13:27

Астанада "ӘлБаракат" құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация tengrinews © Иллюстрация tengrinews ©

"ӘлБаракат company" құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

"ӘлБаракат company" құрылыс компаниясына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Астана қалалық ІІД Тергеу басқармасымен "ӘлБаракат" ЖШС қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігімен және 176-баптың 3-тармағы, "б" бөлігі бойынша (Қасақана қаржы ұрлау) қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық істі тергеу барысында қажетті сараптама тағайындалған. Тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, тамыз айында елорда әкімдігі "ӘлБаракат company" ЖШС-нің жұмысына күмәнмен қарайтындықтары туралы хабарлама таратқан болатын. Ал бұған дейін "ӘлБаракат" компаниясы өзіндік құнынан бірнеше есе арзан бағада үй салуды жоспарлап отырғанын хабарланған.

Қалалық әкімдік мамандарының айтуынша, "ӘлБаракат company" ЖШС құрылыс жүргізуге қатысты рұқсат құжаттары болмаса да, "Прага" және "Шардж" тұрғын-үй кешендерінің құрылысына байланысты үлескерлермен келісімшартқа отырып қойған. Бұл ретте мемлекеттік орган қызметкерлері олардың басқа да заңбұзушылықтарға жол бергендігін хабарлаған болатын. Сондықтан жергілікті әкімдік бұл іс материалдарының барлығын ІІД қарауына жіберген. 

Ал аталмыш компания өкілдері өздеріне қатысты айтылған айыптауларды негізсіз деп есептеп, тіпті өздерінің әрекеттері дұрыс екендігін сотта дәлелдейтіндігін жеткізген. "Бұл айыптаулардың барлығы негізсіз, бұл құрылыс нарығында жаңа ойыншының беделін түсіру болып табылады", - деді  "Әл-Баракат company" ЖШС инвестициялық-құрылыс компаниясының басшысы Бақытжан Тойымбетов. 

Аталмыш компания бір шаршы метр тұрғын үйдің құнын 800 долларға бағалаған. Тіпті бұл баға компанияның сайтында да жария етілген.

"Біз арзан бағаны ұсына отырып, саналы түрде табысымызды адамдармен бөлісеміз, өйткені көптеген клиенттер бағаның арзан болғанын қалайды. Біздің де компанияның негізгі мақсаты сол - қоғамға, халыққа, мемлекетке пайдамызды тигізу. Біздің жасап отырған қазіргі жобамыз - бұл тарих, біздің компания еліміздің құрылыс нарығында  биік белестерді бағындыратын болады", - деп жазылған компанияның сайтында. 

Бұдан бұрын компанияның салымшылары мыңға жеткені хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети