04 қазан 2016 | 18:26

Астанада алдағы уақытта 25 қонақүй мен ауданы 2 миллион болатын тұрғын үй салынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Астанада алдағы уақытта 25 қонақүй мен ауданы 2 миллион болатын тұрғын үй салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімі Әсет Исекешевке сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада алдағы уақытта 25 қонақүй мен ауданы 2 миллион болатын тұрғын үй салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімі Әсет Исекешевке сілтеме жасап.

"Бүгінгі күнде қалада 162 қонақ үй жүмыс істеп тұр, келесі жылы тағы 25 қонақүй салынады", - деді Исекешев Қазақстан мен Ресей өңіраралық ынтымақтастығы XIII форумында.

Ол, сонымен қатар, 18 жыл ішінде 20 миллион шаршы метр тұрғын үй салынғанын және биыл 2 миллион шаршы метр тұрғын үй салынатынын айтты.

Исекешев Астана мен Ресей өңірлерімен ынтымақтастық жөнінде сөз қозғады.

"Біз сауда саттықты ұлғайтпақпыз, бірінші кезекте Урал мен Сібір өңірлерімен қарым қатынасты қамтимыз. Бірінші кезекте азық-түлік тауарларын, Орталық Азиядан келетін жеміс-көкөністі жеткізуді қолға аламыз", - деді әкім. Сонымен қатар, ол Астана мен Ресей өңірлеріне тікелей рейстерді ашу мәселесін жоспарлап жатқанын айта кетті. Мұндай келісім Челябі облысымен келісілген. 

Астана Ресейден келетін туристер легіне үміттенеді, соның ішінде EXPO көрмесі де кіреді. "EXPO құжаттамасына сәйкес 50 мың ресейлік келеді деп күтіледі, алайда біз бұл көрсеткіштен кем дегенде екі үш есе көп келеді деп ойлаймыз және оларды қабылдауға дайынбыз", - деді әкім.

"Рахмет, Әсет Өрентайұлы. Астана туралы мәліметіңізбен барлығын қызықтырып жібердіңіз", - деді Нұрсұлтан Назарбаев оған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети