Бүгін елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында Астанада жаңа аудан құру мәселелері талқыланды. Осы мақсатта Алматы ауданы екі бөлікке бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында Астанада жаңа аудан құру мәселелері талқыланды. Осы мақсатта Алматы ауданы екі бөлікке бөлінеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астана әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркеновтің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес былтыр қаланы 2035 жылға дейін дамытудың бас жоспары әзірленген. Ол қаңтарда үкімет қаулысымен бекітілді. Бас жоспарға сәйкес Алматы ауданын екі бөлікке бөлу ұсынылып отыр.
"Аталған ауданды екі бөлікке бөлу ұсынылды. Солтүстік бөлігі өзінің тарихи бөліктері мен атауын сақтайды, бөлінгеннен кейін оның ауданы 8518 гектар болады, ал оңтүстік бөлігі жалпы ауданы 6953 гектар болатын жаңа әкімшілік аудан болады", - деп түсіндірді Нұркенов.
Аудандар арасындағы шекараны былай сызу ұсынылады:
- "Архар" көпірінен шығысқа қарай Қошқарбаев даңғылымен теміржол желісінің қиылысу нүктесіне дейін;
- әрі қарай шекара теміржол бойымен оңтүстік-шығысқа қарай қала шекарасына дейін бағытталады.
видео кадры
Болжамыды уақытқа дейін (2035 жыл) елорда халқының саны 2 275 000 адам болады деп болжанған. Бүгінде қала аумағы - 79 733 гектар. Ең тығыз қоныстанған және белсенді дамып келе жатқан аймақ – Алматы ауданы.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!