Астанада тұрғындардан аса ірі көлемде, жалпы сомасы 200 миллион теңгеден аса қаражат алған Antares қаржы пирамидасын құрушы мен жетекшілеріне қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорданың ауданаралық соттың қылмыстық істер жөніндегі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2020 жылдың мамырынан 2021 жылдың шілдесіне дейін сотталушылар "қабылданған міндеттемелерді қамтамасыз ететін кәсіпкерлік қызметке тартылған қаражатты пайдаланбай жәбірленушілердің ақшасын тартып, осы активтерді қайта бөлу және басқаларының жарналары есебінен біреулерді байыту арқылы табыс тапты" деп хабарланды.
Іс бойынша Қазақстанның әртүрлі қаласынан 33 тұрғын жәбірленуші деп танылған.
"Сотталғандардың кінәсі жәбірленушілер мен куәлардың айғақтары, аудиторлық қорытындылар мен сараптамалар қорытындысы, келісім-шарттар және жәбірленушілердің қаржы пирамидасына инвестиция салғанын растайтын басқа да құжаттармен дәлелденді", - делінген хабарламада.
Сот үкімі бойынша Б. мен И. қаржы пирамидасын құрып, оны басқарғаны үшін кінәлі деп танылды (ҚК-нің 217-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы). Б.-ға алты жыл алты айға, ал И.-ға қаржы ұйымдарында басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, бес жыл алты айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Жәбірленушілердің азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!