Астанада 2023 жылы 18 апатты үйден 327 пәтер тұрғыны қоныс аударды. Республика күні қарсаңында қоныс тойын тойлап жатқан тұрғындар қуаныштарымен бөлісіп, жылы лебіздерін жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
Астанада 2023 жылы 18 апатты үйден 327 пәтер тұрғыны қоныс аударды. Республика күні қарсаңында қоныс тойын тойлап жатқан тұрғындар қуаныштарымен бөлісіп, жылы лебіздерін жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігіне сілтеме жасап.
2023 жылы 327 пәтерлі 18 апатты үйдің тұрғындарын көшіру жүргізілген. Жыл аяғына дейін тағы екі апатты жағдайдағы үйдің тұрғындарын 43 пәтерге көшіру жоспарланып отыр.
Жаңа пәтер иелерінің бірі Татьяна Копнова бұрын 13 шаршы метр аумақта өмір сүргенін есіне алады. Қазір оның баспанасы екі еседен де үлкен.
"Біз жатақханада өмір сүрдік, баспанамыз небәрі 13 шаршы метр болды. Енді жаңа баспанаға қоныстанып отырмын. Мұндай пәтерді өзіміз сатып ала алмас едік. Жаңа пәтерімді жақсы көремін, біз мұнда келгенде толық жөнделген күйде болды. Баршаңызды Республика күнімен құттықтаймын! Ғажайыпқа сеніңіздер, армандарыңыз орындалады! Ғажайыпқа сеніп, пәтерлі болды", - деп елорда тұрғыны қуанышын бөлісті.
Жаңа пәтерге ие болғандардың арасында астаналық Айгүл Құлбаева да бар. Осыған дейін ол жұбайымен және төрт баласымен бірге небәрі 18 шаршы метрде тұрып келді.
"Жаңа пәтерге көшіп, қатты қуанып отырмыз. Қоныс тойымызды туыстарымызбен, достарымызбен бірге атап өттік. Біз үшін бәрі қуанып жүр. Ы.Дүкенұлы көшесіндегі бес қабатты дәлізді үйде қанша жыл тұрдық, әр қабатта 40 бөлмеден болатын. Алтауымыз 18 шаршы метр жерде тұрдық. Осындай көмек көрсетілгені үшін алғысымыз шексіз. Қазақстан халқын Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын! Баршаңызға бейбітшілік пен қуаныш, бақыт тілеймін!" - деді Айгүл Құлбаева.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!