Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотында қаладағы аялдамалардың бірінде арандатушылық мәндегі сөзді жазып кеткен ер адамға қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Астананың Сарыарқа аудандық №2 сотында Р.Г.Гайсинге қатысты сот үкімі шықты. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабының 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ, оған алкологизмнен ем алу белгіленді. Ер адам сот залында кінәсін мойындады", - деп хабарлады соттағылар.
Соттың мәліметінше, ер адам Астанадағы Победа даңғылында орналасқан аялдамада өз қолымен плакат-баннерде арандатушылық мәндегі сөз жазып кеткен.
"Осылайша сотталушы ұлтт,ық араздықты қоздыру мақсатында қасақана әрекет жасады. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.
Еске сала кетейік, осыған дейін Астана аялдамасында "қазақтарды итше қыру керек" деген арандатушылық сөз жазған ер адам мәлімдеме жасаған болатын.