24 қыркүйек 2024 | 15:23

Астанада аса ірі мөлшерде алаяқтық жасаған әйел темір торға тоғытылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Елордалық сот Chia Tai Pharmaceutical қаржы пирамидасы филиалының басшысына қатысты үкім шығарды. Сот оның Астанадағы іс-әрекетінен 12 адам зардап шеккенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Елордалық сот Chia Tai Pharmaceutical қаржы пирамидасы филиалының басшысына қатысты үкім шығарды. Сот оның Астанадағы іс-әрекетінен 12 адам зардап шеккенін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесіне аса ірі мөлшерде қаражат тарта отырып (Қылмыстық кодекстің 217-бабы, 3-бөлігі, 2-тармағы) басшылық еткені үшін Ш-ға қатысты үкім шығарды", - деп хабарлады Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Әйелге қатысты Астана аумағындағы Chia Tai Pharmaceutical қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарды және 2022-2023 жылдар аралығында фармацевтикалық зауыт салуға инвестиция салуға уәде беріп, салымшылардың ақшасын тартты деген айып тағылды. Бұл зауыт Қытайда фармацевтикалық препараттармен медициналық құрылғылар шығарумен айналысқан, сонымен қатар диеталық қоспалар шығарған.

Салдарынан 12 жәбірленушіге жалпы сомасы 30 миллион теңге шығын келтірілген.

Сот Астана тұрғынын 5 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети