Бүгін Қазақстанның қарулы күштерінің авиациялық базасында (Астана Халықаралық әуежайы маңайында) әскери қару-жарақ пен техникаға арналған "KADEX–2014" халықаралық көрмесі ашылды. Биыл аталған шара үшінші рет өтіп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бүгін Қазақстанның қарулы күштерінің авиациялық базасында (Астана Халықаралық әуежайы маңайында) әскери қару-жарақ пен техникаға арналған "KADEX–2014" халықаралық көрмесі ашылды. Биыл аталған шара үшінші рет өтіп отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Биылғы көрмеде барлық әскери қару-жарақтар мен техникалар бес сала бойынша таныстырылып отыр. Соның ішінде әскер-теңіз бен құрлық әскерлерінің техникасы, авиациялық қару-жарақ пен әуе қорғаныс жүйелері, арнайы құрал-жабдықтар, жаңа технологиялар және әскерлерді қамтамасыз ету жабдықтары бар.
22-25 мамыр аралығында Астанада өтетін KADEX–2014 қару-жарақ және әскери-техникалық мүліктің халықаралық көрмесіне қатысуға 200-ден астам шетелдік компания өтінім берді. Олардың ішінде қару-жарақ шығаратын атақты Fabbrica d Armi Pietro Beretta S. p. A., EADS, Israel Aerospace Industries, Otokar, Ceska Zbrojovka, Rohde & Schwarz, Poly technologies Inc. және басқа да танымал маркалар бар. Биылғы көрмеге ғарыш технологиясы, авиациялық қару-жарақ, әуе шабуылынан қорғану жүйелері мен құралдары, әскери саладағы робот техникасы, ІТ, байланыс жүйесі құралдары, әскерлерді тылдық және техникалық қамтамасыз ету, құрлық әскерлері мен әскери-теңіз күштерінің қару жарағы мен әскери техникасы шығарылып отыр.
Көрме өтетін үш күн бойы сағат 10:00 мен 13:00 аралығында астаналық аэропорттың әуе кеңістігі жабық болады. Себебі осы уақытта ұшақтардың таныстырылымы болады. Ал Қазақстанның "Жетісу" және "Алатау" әуе топтары пилотаждың жаңа элементтерін "KZ" пен "Жүректің" суретін салмақ. Шара аясында үрмелі оркестрлердің ІІ Халықаралық фестивалін өткізу көзделген. Әскери оркестрлер tattoo show (дефиле) көрсететін болады.