Астанада Ауғанстан соғысы жауынгерлеріне тағзым жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Ауғанстан соғысы жауынгерлеріне тағзым жасалды ©ҚР ҚМ баспасөз қызметі

Астанада Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылғанына 26 жыл толуына орай тағзым митингі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылғанына 26 жыл толуына орай тағзым митингі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Шара жауынгер-интернационалистер ескерткіші маңында өтті. Оған қорғаныс саласының Ауғанстандағы соғысқа қатысқан өкілдері келді - ҚР Қорғаныс министрінің кеңесшісі генерал-майор Бақытжан Ертаев, ҚР Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Мұқан Дүйсекеев, Қорғаныс министрлігінің Бас инпекциясының өкілі генерал-майор Мүсілім Дайыров, Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының орынбасары полковник Тұралы Қойшығұлов және басқа да офицерлер. 

"Ауған жерін кеңестің соңғы сарбазы тастап шыққан сәттен 26 жыл өтті. Бірақ онжылдық соғыстың жаңғырығы әлі күнге дейін санада. Сондықтан жыл сайын 15 ақпанда біз өзінің жауынгерлік әрі азаматтық борышын ержүректікпен адал орындаған барлық азаматқа құрмет көрсетеміз", - деді генерал-майор Мұқан Дүйсекеев. 

Іс-шара аясында "Қызыл қызғалдақ" патриоттық шарасы өткізілді. "Жас Ұлан" республикалық мектебінің тәрбиеленушілері Ауғанстанда қаза тапқан 924 қазақстандық жауынгердің құрметіне 924 қағаз қызғалдақ әзірлеген. "Жасұландықтар" қызғалдақтардан өрілген осы санды қарға орналастырды.

Бұл күні ҚР Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімінде "Біз сені ұмытпаймыз, сарбаз!" атты акция өткізілді. Ауғанстаннан кеңес әскерінің шығарылған күніне орай спорт турнирлері, салтанатты шаралар, кездесулер, концерттер мен жарыс-байқаулар ұйымдастырылды. 

Еске салайық, 2014 жылдың мамырында Алматы облысында Боралдай елді мекенінде Ұлы Отан соғысы мен Ауғанстанда болған соғыс майдангерлеріне арналған ескерткіш ашылған еді. Ескерткіш қызғалдақ пішінінде жасалған.  

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети