Жыл басынан бері елордалық 900 автобус жүргізушісіне жол жүру ережесі мен жолаушыларды тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін жалпы көлемі 12 миллион теңге айыппұл салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жыл басынан бері полицейлер 7 мыңнан аса жолаушыға қоғамдық көлікте жол ақысын төлеуден жалтарғаны үшін айыппұл салынды. Жалпы мөлшерде 30 миллион теңгеден аса айыппұл салынған. Жүргізушілерге қатысты, 900-ден аса автобус жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айыппұл мөлшері - 12 миллион теңге", - деді "Астана LRT" көлік бақылауы департаментінің директоры Самат Шәймерденов.
Оның айтуынша, жүргізушілер көбіне жол ережесін бұзу және жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзады екен.
"Қоғамдық көліктің 7 жүргізушісі жолдың қарсы бетіне өтіп кеткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, сот шешімімен көлік жүргізу құқығынан айырылды. Бейнебақылау камералары арқылы ереже бұзушылық деректері анықталып, шара қолданылуы үшін жергілікті полиция қызметіне жіберіледі", - деді ол.