Астанада бүгін "Алматы" және "Есіл" аудандарының әкімдері кезекті халықпен есеп беру кездесулерін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.
Астанада бүгін "Алматы" және "Есіл" аудандарының әкімдері кезекті халықпен есеп беру кездесулерін өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда сайтына сілтеме жасап.
Ермағанбет Бөлекпаев өткен жылдың қорытындысын шығарып, биылғы жылға арналған жоспарларды жеткізді. "Бүгінгі таңда біздің ауданда 1086 көп пәтерлі тұрғын үй бар, 1060 үй орталықтандырылған жылыту жүйесіне қосылған, оларға 218 ПИК пен басқарушы компания қызмет көрсетеді. Аудан тұрғындары кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін күтуге жұмсалатын шығындарға белсенді қатысады. Биыл ПИК күшімен мақсатты алымдар есебінен 149 млн. теңге сомасына жөндеу жұмыстары орындалды, соның ішінде, жылу, су және электр энергиясымен жабдықтау желілері, канализация, төбе мен кіреберістер жөнделді", - деді Бөлекпаев.
"Алматы" ауданының тұрғындары үшін аса өзекті мәселелер - салынып жатқан тұрғын үйлердің сапасы, тұрғын үй қорын күту бойынша басқарушы компаниялардың жұмысы, сондай-ақ, қоғамдық көлік қозғалысы. Тұрғындар оқушылар мен ата-аналардың қауіпсіздігі үшін мектеп жанынан қосымша бағдаршам орнатуды сұрады. Сондай-ақ, қала тұрғындары тұрғын үйлерде пандустардың жетпейтінін айтып, жылыту кезеңінде жеке тұрғын секторынан шығарылатын залалды заттардың әсерінен нашарлайтын ауданның экологиялық жағдайына да алаңдаушылық танытты. Келіп түскен сұрақтардың барлығы уәкілетті қалалық басқармалармен қаралатын болады.
"Есіл" ауданының әкімі Сабила Мұстафина биылғы жұмыс жоспарларына және ауданның жол-көлік инфрақұрылымын дамытуға тоқталды. "Жол инфрақұрылымын дамыту қоғамдық көлікте халыққа қызмет көрсетуді жақсартуға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде маршруттарды оңтайландыру аясында түнгі үш маршрутты (200, 201, 202) қосу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Маршруттар мен бағыттар түнде жұмыс істейтін объектілер негізінде, сондай-ақ, түнгі уақытта корреспонденцияның жүруін ескере отырып жасалды", - деді Сабила Мұстафина.
Сонымен қатар, жол инфрақұрылымын дамыту аясында Bus Lаne жобасы аясында қоғамдық көлік үшін жеке жол жолақтарын енгізу жоспарланған, Astana School Bus мектеп автобустарын енгізу туралы мәселе қаралуда, деп атап өтті Есіл ауданының әкімі.
"Жалпы, өткен жылдың қорытындысы бойынша "Есіл" ауданында 18,24 шақырым жол салынып, қалпына келтірілді, қосылған тұрғын алаптарында жолдар мен инженерлік желілерді салу бойынша жұмыстар жүргізілді", - делінген хабарламада.
Аудан әкіміне көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету, ауданның экологиялық жағдайы, университет аумағында Тұран даңғылын абаттандыруды жақсарту туралы сауалдар жолданды. Жолаушылар тасымалы мен қоғамдық көлікке қатысты сұрақтар тиісті басқармаларға жіберіледі.