Астанада автокөлікті дұрыс орналастырмаған жүргізушілер жазаланып жатыр. Қалалық ішкі істер департаменті әкімдік сайтына тұрғындардан келіп түскен шағымдар бойынша шара қолданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астанада автокөлікті дұрыс орналастырмаған жүргізушілер жазаланып жатыр. Қалалық ішкі істер департаменті әкімдік сайтына тұрғындардан келіп түскен шағымдар бойынша шара қолданады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана ІІД қала әкімдігінің ресми сайтындағы (www.astana.kz) "Халықтық бақылау", "Виртуал қабылдау" айдарлары мен ішкі істер департаментінің сайтындағы (www.ast.dvd.mvd.kz) "Сұрақ-жауап" айдарына тұрғындар мен қала қонақтарынан түскен өтініштерді жедел қарау жөнінде шараларды қолға алып жатыр.
"Мәселеге бейжай қарамайтын қала тұрғындары көлікті орналастыру ережелерінің бұзылуын, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған көлік тұрақтары ережесінің бұзылуын, аялдау ережесінің бұзылуын немесе көлік құралын тротуарларға, гүлзарларға, балалар мен спорт алаңдарына қою жағдайларын, ұсақ бұзақылық, тыныштықты бұзу, қоғамдық орында алкоголь ішімдігін ішу, қоғамдық орындарды ластау сияқты деректерді түсіріп алып отырады. Азаматтардың барлық өтініші бойынша полиция қызметкерлері дереу шараларды қолға алады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Полицейлер құқықбұзушылық туралы бірнеше өтінішті мысалға келтіреді. Мысалы, олар бір автокөліктің Иманбаев көшесінде көлікті орналастыруға тыйым салатын белгінің түбіне қойып кеткенін түсіріп алған (фото № 1).
Бұл өтініш бойынша Lexus маркалы автокөліктің жүргізушісіне жол белгілері мен жолдың көлік жүретін бөлігіндегі таңбалар арқылы ескертілген жол қозғалысы ережесі талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК (9260 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
"Халықтық бақылау" айдарына фотофиксациясы бар тағы бір хабарлама келіп түсті, онда Уәлиханов көшесінде жүргізушінің автокөлікті үй маңындағы көгалға қойып кеткенін көруге болады (фото № 2). Infiniti маркалы автокөліктің жүргізушісіне көріктендіру ережесін бұзғаны және қала инфрақұрылымы нысандарын үшін әкімшілік хаттама толтырылып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.
Астана қаласы ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Әлібек Мұсахметовтің айтуынша, тұрғындардан түскен өтініштер қараусыз қалмайды. Жылдың басынан бері "Халықтық бақылау" айдарына 600-ден астам, ал "Виртуал қабылдау" айдарына 500-ден астам өтініш келіп түсті. Барлығы бойынша шаралар қабылданды.