Астанада автотұрағы жоқ жаңа үйлерді пайдалануға беруге тыйым салынады

18 Ақпан 2015, 12:26
0
Астанада автотұрағы жоқ жаңа үйлерді пайдалануға беруге тыйым салынады - ©Тұрар Қазанғапов
©Тұрар Қазанғапов

Астанада берілетін жаңа үйлерде автотұрақ міндетті түрде болуы керек, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков халыққа есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

"Астанада салынып жатқан бір де бір тұрғын үй автотұрағы болмаса, қабылданбайды. Қалада мемлекеттік-жекеменшік серіктестік негізінде 10 автотұрақ салу туралы шешім қабылданды", - деді астаналықтарға Әділбек Жақсыбеков.

Әкім, сонымен қатар, қалада тағы бір проблема барын айтты. Ол - қала жолдарындағы кептеліс.

"Қалада үнемі кептеліс болатын 18 аумақ бар. Кептеліс қаланың барлық тұрғындарын алаңдатады. Бұл жағдай қауырт болып кетпеуі үшін әкімдік осы жылы бірінші кезектегі шараларды қарастырды", - деді Астана әкімі.

Әкімнің айтуынша, қалада 108 шақырым жолды салу мен қайта жөндеу жоспарланған, оның ішінде 24 шақырымға созылып жатқан 11 тұрғын үй алабының 30 көшесі бар. 20 шақырымнан астам жолдың және оң жағалаудағы аумақ пен Республика даңғылындағы жер асты өткелдерінің жөндеу жұмыстары жоспарланып отыр.  

Осыған дейін Астанада ескі базардың маңында 9 деңгейлі автотұрақ салынатыны хабарланған болатын. Бұл нысанның құрылысы 2015 жылдың соңына дейін аяқталады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай