Синоптиктер Астана мен Алматыға арналған 7, 8 және 9 қаңтардағы ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
7 қаңтар – құбылмалы бұлтты, аздаған қар, боран. Жолдарда көктайғақ. Жел батыстан соғады, екпіні 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде -11…-13 градус, күндіз -9…-11 градус.
8 қаңтар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа ауысады: екпіні түнде 3–8, күндіз 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде -16…-18 градус, күндіз -10…-12 градус.
9 қаңтар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғады, екпіні 9–14 м/с. Ауа температурасы түнде -12…-14 градус, күндіз -7…-9 градус.
Алматыдағы ауа райы болжамы
7 қаңтар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-батыстан соғады, екпіні 2–7 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5 градус, күндіз +3…+5 градус.
8 қаңтар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5 градус, күндіз +1…+3 градус.
9 қаңтар – құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел солтүстік-шығыстан соғады, екпіні 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде -5…-7 градус, күндіз +3…+5 градус.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!