Нұр-Сұлтан тұрғыны үйінің ауласында итін серуендетіп жүріп ерлік жасады. Әйелді екі зорлықшыдан құтқарып, онымен қоймай, қаскөйлерді ұстап алып, полицияға тапсырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Нұр-Сұлтан тұрғыны үйінің ауласында итін серуендетіп жүріп ерлік жасады. Әйелді екі зорлықшыдан құтқарып, онымен қоймай, қаскөйлерді ұстап алып, полицияға тапсырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға 11 тамызда кешкі уақытта болған. Сергей Горбунов Қаржы академиясы маңында Алтынемел көшесінің бойында маламут тұқымдас итін серуендетіп жүрген. Осы кезде бір әйел жолға атып шығып, көмек сұрай бастаған.
"Келіншектің жасы 35-терде, үсті-басы тозған. Қарапайым киінген. Киімі лас. 102-ге хабарласып, мекенжайды айттым. Әйел атып шыққан жақтан ақ майка киген ер адам жүгіріп шықты, тағы бір ер адам қызыл майкалы болды. Сөйтсек, олар ағаш түбінде арақ ішкен екен", - дейді Сергей.
Полиция шақыртқаннан кейін олар оқиға орнынан қашпақ болыпты. Сергей осы кезде оларды қуа бастаған.
"Менімен бірге тағы бір жігіт қуды. 9-10 жастардағы балалар да оларды қуды. Екінші жігіт Республика даңғылына дейін қашты, таксиге отырмақ болған, таксист оны отырғызбады. Оны көліктен алып шығып, 102-ге хабарласып, мекенжайды айттым. 4 экипаж полицейлер тез арада келді. Осы кезде біз тұрған жерге ақ майкалы ер адам жетті, қатты жүгіре алмайтын болуы керек, қатты мас", - дейді Сергей Горбунов.
Астаналық оларды тәртіп сақшыларының қолына тапсырып, итін әрі қарай серуенге алып кетіпті. Оның сөзінше, иті күзет тұқымынан емес, шанамен адам тартатын тұқымнан екен, сондықтан адам қаппайды. Даня деген иті иесінің қасында жүгіріп қана жүріпті. Қаскөйлерді қаппаған.
© Facebook / Ирина Севостьянова
"Итімді әрі қарай серуенге алып кеттім. Қайтар жолда әйел мен ер адамдарды көрдім. Әйел арыз жазған сияқты. Жігіттер әйелді үйсіз жүр, ойлағанымызды істейміз деп ойлаған болуы керек. Бомж болса зорлай беруі керек пе? Заң бар емес пе", - дейді Сергей.