26 қыркүйек 2016 | 12:22

Астанада Азия Парламентаралық форумы басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Нығматулин © almaty.tv Нұрлан Нығматулин © almaty.tv

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Астанада Азия Парламентаралық форумы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Астанада Азия Парламентаралық форумы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Парламенті Мәжілісі Аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін Астанада Мәжіліс Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Инновация, технология және білім мәселелері жөніндегі Астана Парламентаралық форумы басталды. 20-дан астам елдердің парламентшілері мен сарапшылары, сондай-ақ, халықаралық ұйымдардың өкілдері жиналған маңызды форумда Мәжіліс Төрағасы қатысушыларға құттықтау сөзін арнай келіп, елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отырған осы форумның Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында өтуіне айрықша назар аударды.

Мәжіліс спикерінің айтуынша, осы уақыттың ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында біздің еліміз экономикасы қуатты, бірлігі мықты, болашағы айқын абыройлы мемлекетке айналды.

Сондай-ақ, Мәжіліс Төрағасы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіздік алған күннен бастап Азиямен, соның ішінде Ислам елдерімен ынтымақтастыққа аса мән беріп келе жатқанын айтып, соның нәтижесінде Ислам қауымдастығы елдерімен аймақтағы тұрақтылықты, қауіпсіздікті нығайту, білім, ғылым және Ислам мәдениетін дамыту бағытында жеткен жетістіктердің көп екенін, соның ішінде, дінаралық және ұлтаралық татулықтың "қазақстандық моделі" қалыптасуы әлем елдеріне үлгі болып отырғанына тоқталды.

"Қазақстанымыз әрқашанда әлемдік интеграция идеясын қолдап, көптеген халықаралық ұйымдардың белсенді және беделді мүшесі атанды. Оның нақты дәлелі мемлекетіміздің Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің 2017 - 2018 жылдарға арналған тұрақты емес мүшесі болып сайлануы. Осының барлығы әлем елдерінің Қазақстанға деген сенімі өте жоғары болуының жарқын көрсеткіші", - деп атап өтті Нұрлан Нығматулин.

Форум жұмысына ИСЕСКО-ың Бас директоры Абдулазиз Осман Аль-Туэйджри өзінің бейне құттықтауын жолдады. Айта кетейік, маңызды форумды ұйымдастырушылар - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Ислам ұйымы (ИСЕСКО) және Ислам Даму Банкі.

Екі күнге созылатын Астана парламентаралық форумы негізгі жеті тақырыптық сессия аясында өткізілді. Алғашқы күні білім, технология және инновация саласындағы саясат бойынша талқылау ұсынылады. Күн тәртібінде сондай-ақ, жаһандану аясындағы білім мен ғылым салаларын дамыту үшін заңнамалық база қалыптастыру мәселелері, ұлттық бағдарламалар мен басымдықтарды іске асырудағы ұлттық институттармен қарым-қатынас жолдары мен ондағы парламентария рөлі мәселелері қарастырылған. Нақты айтқанда, өндірістік секторда ғылыми техникалық өлшемдер туралы сұрақтар қаралады. Форумның басты мақсаты - Ислам Елдері Ұйымына мүше -мемлекеттердің ғылыми және білім беру әлеуетін көтеру.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети