Астанада азық-түлік бағасы 25 пайызға өсті - Сауда министрлігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада азық-түлік бағасы  25 пайызға өсті - Сауда министрлігі Tengrinews.kz

Үкіметтің цифрлық кеңсесінде премьер-министр Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу (ӘМАТ) мәселелері бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкіметтің цифрлық кеңсесінде премьер-министр Әлихан Смайылов әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тежеу (ӘМАТ) мәселелері бойынша кеңес өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі primeminister.kz-ке сілтеме жасап.

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шакқалиев жыл басынан бері ӘМАТ 22,3 пайызға, аптаның қорытындысы бойынша 0,2 пайызға өскенін хабарлады. Атап айтқанда, пияз бағасы 1,7 пайызға, қырыққабат - 0,9 пайызға, күріш - 0,8 пайызға, сүзбе - 0,7 пайызға, жұмыртқа мен сүт - 0,5 пайызға қымбаттады. Жыл басынан бері ӘМАТ бағасының ең көп өсуі Ұлытау облысында (31,4 пайыз) және Астана қаласында (25 пайыз) байқалды.

Оның айтуынша, қазір баға қалыптасуының бүкіл тізбегі бойынша делдалдық схемаларға қарсы күрес жөніндегі өңірлік комиссиялардың жұмысы жүйеленіп, олардың құрамы күшейтілді. Ол "4-5 буындық" делдалдардың қызметіне байланысты бөлшек сауда өнімдерінің бағасы іс жүзінде 60 пайызға өсетінін айтты. Осы орайда өңірлік комиссиялардың жұмысы көтерме жеткізілім, логистика және қойма тізбектерінің схемаларын талдауға, сондай-ақ, ден қою шараларын қабылдауға бағытталған.

Бұдан басқа, рұқсат етілген сауда үстемесін (15 пайыз) бақылау бөлігінде "үйлердің жанындағы" дүкендермен жұмыс күшейтілді және нарықтың ашықтығын қамтамасыз ету үшін республика аумағында тауарларды қадағалау жүйесі жетілдіріліп жатыр.

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елдің ішкі нарығын отандық өніммен қамтамасыз ету, көкөніс өндірісін форвард қаржыландыру, мемлекеттік қолдау алатын тауар өндірушілер тарапынан қарсы міндеттемелердің орындалуын бақылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов азық-түлік бағасының негізсіз өсуі деректері бойынша қабылданған монополияға қарсы ден қою шаралары туралы айтып берді. Атап айтқанда, үстем жағдайды теріс пайдаланғаны және бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимылдары үшін бірқатар құс фабрикаларына қатысты бес тергеу тағайындалды, ӘМАТ нарығында қант, тауық еті мен сүт өнімдерін көтерме жеткізушілерге 90 хабарлама берілді, жұмыртқа, қант, сүт өнімдерін өндірушілерге және сауда орындарына қатысты 19 тергеу тағайындалды.

Фото: Primeminister.kz

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети