30 қыркүйек 2022 | 15:59

Астанада балаға қол көтерген тәрбиеші айыппұлмен құтылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Астанада Алматы ауданының №2 аудандық соты балаға қол көтерген балаларды дамыту орталығының тәрбиешісіне қатысты айыптау үкімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада Алматы ауданының №2 аудандық соты балаға қол көтерген балаларды дамыту орталығының тәрбиешісіне қатысты айыптау үкімін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

К.-ға балабақша тәрбиешісі бола тұра, кішкентай баланың қыңырлығына жауап ретінде оны жүйелі түрде ұрып-соққаны үшін айып тағылған.

"Сотта К.-ның балалар мекемесінде тәрбиеші бола тұра, өз міндеттерін орындамағаны, 2022 жылдың 12 қаңтарында кәмелетке толмаған Ш.-ның басына соққы жасағаны анықталды. Мойын, кеуде, сол қолындағы көгерулер және сол қолындағы сызаттар сотталушы К.-ның кінәсінен болғаны туралы дәлелдер анықталмады", - делінген хабарламада.

Балалар мекемесінде болған уақытында балалардың өмірі мен денсаулығына жеке жауап беретін тәрбиеші өз міндеттерін орындамағаны, соның салдарынан бала балабақшада болған кезде анықталмаған жағдайларда дене жарақатын алғаны сотта дәлелденді.

Сонымен қатар, СМС қорытындысы бойынша, баланың оң жақ жауырын, сол жақ тізе буыны аймағындағы көгеру түріндегі дене жарақаттары 5-7 күнде тексеруге дейін, яғни бала ауруына байланысты балабақшаға бармаған кезеңде пайда болуы мүмкін екендігі нақтыланды. 

"Прокурор Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша төрт жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленуші Қылмыстық кодекстің 110-бабы 2-бөлігі 1-тармағы бойынша жаза тағайындауды және моральдық шығын мен өкілдік шығындарын өндіруді сұрады. Қорғаушы тарап К.-ны қылмыстық құқық бұзушылық құрамының жоқтығына байланысты ақтауды сұрады. Айыпталушы тек алақанымен бір ұрғанын қоспағанда, өзіне тағылған айыпты мойындамады. Ол өзін ақтауды сұрады", - деді сот өкілдері.

Сот істің барлық мән-жайын ескере отырып, жауапкердің әрекетін қайта саралады. Жаза тағайындау кезінде жеңілдететін мән-жайды – кішкентай баланың болуын, жүктілігін ескерген. Жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар жоқ.

"Сот аталған құқық бұзушылықтың қылмыстық құқық бұзушылыққа жататынын ескере отырып, К.-ны үш жыл мерзімге педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 91 890 теңге сомасында 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салды", - делінген хабарламада.

Сотпен жәбірленушінің пайдасына моральдық зиянды өтеу туралы азаматтық талап 200 000 теңгені ішінара қанағаттандырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети