Астанада балалармен бірге наразылық шарасына қатысқандар жауапкершілікке тартылмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада балалармен бірге наразылық шарасына қатысқандар жауапкершілікке тартылмайды Астанадағы митинг. Скриншот www.youtube.com сайтынан алынды

Астанадағы рұқсат етілмеген наразылық шарасына қатысқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі София Қылышбекова мәлім етті. Оның айтуынша, рұқсат етілмеген наразылық шарасына балаларды қатыстыруға болмайтыны туралы ата-аналарға ескерту жасалынды. 6 наурызда "Махаббат" тұрғын үй кешінінде пәтер жалдап тұрғандар үйді босату жөніндегі сот шешімімен келіспей, Астанада наразылық шарасын ұйымдастырған. Астана қалалық ІІД мәліметінше, полиция мәселенің мән-жайын білу үшін рұқсат етілмеген наразылық акциясына қатысқандарды ұстаған. Митингке 33 бала мен сегіз ересек адам қатысқан. "Балалардың арқаларына жазу жазылған жамылғы жапсырылған. Олар рұқсат етілмеген пикет өткізді. Бұл әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады",- деп түсіндірді Қылышбекова. Барлық қатысушылар ішкі істер басқармасына жеткізілді, кейін қайтадан оларды босатып, балаларын ата-аналарына табыс етті. Сонымен бірге ересектерді әкімшілік кодекстің 111 бабы бойынша (Кәмелетке толмағандарды әкімшілік құқық бұзушылыққа тарту) әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі шешілді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети