Астанада бас шыршаның шамдары жағылды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада бас шыршаның шамдары жағылды

19 желтоқсанда елордадағы EXPO көрме кешенінің алаңында еліміздің бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

19 желтоқсанда елордадағы EXPO көрме кешенінің алаңында еліміздің бас шыршасының шамдарын жағу рәсімі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Құрметті елордамыздың тұрғындары мен қонақтары! Жаңа жыл қарсаңында сіздерге мерекелік көңіл күй, қуаныш, отбасыларыңызға зор денсаулық тілеймін! Астанамыз дамып, өркендей берсін! Алдағы жыл қала үшін берекелі болсын! Бүгін жаңа жыл мерекесін бастағалы отырмыз. Мұндай іс-шаралар әлі де көп болады. Қаламыздың барлық ауданында мұзайдындар мен сырғанақтар жасалып жатыр, онда әрбір адам бос уақытын көңілді өткізе алады", - деді Астана әкімі Жеңіс Қасымбек салтанатты шарада.

Шыршаның биіктігі - 25 метр. Ол жүздеген шамшырақпен безендірілген, атап айтқанда 750 метр гирлянд, 360 жарықшам және 900-ден астам шырша шары қолданылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети