Астанада бастауыш сынып оқушыларының сабағы тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада бастауыш сынып оқушыларының сабағы тоқтатылды ©Марат Әбілов

Астанада желдің күшеюіне байланысты алғашқы ауысымдағы 1-4-сынып оқушыларының сабағы кейінге қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада желдің күшеюіне байланысты алғашқы ауысымдағы 1-4-сынып оқушыларының сабағы кейінге қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігі сайтына сілтеме жасап.

Ал ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі мамандарының мәліметінше, еліміздің бірқатар аймағында ауа райына байланысты ескерту жаряиланды. Астанада 8 желтоқсан күні ауа температурасы 30 градус аязға дейін төмендейді. Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарында түнде 20-25, кей жерлерде 30 градус аяз болады. 8-9 желтоқсанда Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында температура түнде кей жерлерде 30-35 градус аязға дейін төмендейді. 

Қазақстан аумағының көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, қар жауады, республиканың оңтүстік-шығысында түнде кей жерлерде толассыз қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, боран соғады. Қазақстанның оңтүстігі мен батысында күн жауын-шашынсыз болады.

Ақмола, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарында тұман түсіп, секундына 15-20 метрге жететін боран соғады. Алматы, Жамбыл облыстарында да тұман түседі, көктайғақ болады, түнде жел екпіні секундына 18-23 метрге дейін күшейеді. 

 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети