18 қаңтар 2017 12:40

Астанада бензин сапасы тексерілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2016 жылғы қараша-желтоқсан айларында Астана қаласында сатылып жатқан бензиннің сапасын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті 2016 жылғы қараша-желтоқсан айларында Астана қаласында сатылып жатқан бензиннің сапасын тексерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комитет осы аталған кезеңде "Sinooil" ЖШС-ның (Қорғалжын тас жолы, 116, Кравцов көшесі, 8), "Новая АЗС" ЖШС-ның (Қосшығұлұлы көшесі, 3, "Compass" АЖҚС), "Газпром нефть Казахстан" ЖШС-ның (Бөгенбай батыр даңғылы, 24), "Ойл" ЖШС-ның (С. Сейфуллин көшесі, 63/4), "Номад Ойл" ЖШС-ның АЖҚС (Керей-Жәнібек хандар көшесі, 9) автомобильге жанар-жағармай құю станцияларындағы автомобиль бензині мен дизель отынының сапасына мониторинг жүргізді.

"Сынақ зертханалары автомобиль бензинінің 13 сынамасын зерттеді, оның ішінде бензиннің 3 сынамасы (23%): "Газпром-Омский НПЗ" АҚ өндірген ("Ойл" ЖШС-ның АЖҚС, С. Сейфуллин көшесі, 63/4), "Башнефть" ААҚ өндірген ("Номад Ойл" ЖШС-ның АЖҚС, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 9) бензиндегі күкірттің құрамы және "Башнефть" ААҚ өндірген ("Номад Ойл" ЖШС-ның АЖҚС, Керей-Жәнібек хандар көшесі, 9) бензиндегі бензолдың көлемдік үлесі "Автомобиль және авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштар мен мазутқа арналған отынға қойылатын талаптар туралы" 013/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келмейді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, дизель отынының 5 сынамасы тексеріліпті, оның ішінде отынның 1 сынамасы (20%) "Ачинский нефтеперерабатывающий завод ВНК" ААҚ өндірген (Қосшығұлұлы көшесі, 3, "Новая АЗС" АЖҚС) отынның тұтану температурасы 013/2011 КО ТР талаптарына сәйкес келмеген.

Сәйкес келмейтін бензинді өткізудің барлық фактілері бойынша кәсіпкерлік субъектілер әкімшілік жауаптқа тартылғаны айтылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети