Жыл басынан бері қалада 1800-ге жуық адам үй жануарлары мен иесіз жануарлардан зардап шекті. Ит пен мысықтан зардап шеккендердің 37,7 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің медиаорталығына сілтеме жасап.
Жыл басынан бері қалада 1800-ге жуық адам үй жануарлары мен иесіз жануарлардан зардап шекті. Ит пен мысықтан зардап шеккендердің 37,7 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің медиаорталығына сілтеме жасап.
"Астана ветсервис" ЖШС-нің мәліметіне сәйкес зардап шекккендердің 60 пайызын қаңғыбас ит қапқан.
"2017 жылдың басынан бері қала бойынша мысық тырнап, ит қапқан 1 777 оқиға тіркелді. 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш төмендеген. Өткен жылы осы кезеңде 1838 оқиға тіркелген болатын", - деді Астана ветсервис өкілі қалалық әкімдікте өткен аппарат отырысында.
"Астана ветсервис" ЖШС бүгінге дейін 5457 қаңғыбас ит пен 569 мысықты аулады. Мамандардың айтуынша, қаладағы қаңғыбас ит-мысықтардың көбеюі ескі және апатты деп танылған тұрғын үйлерді сүру кезінде орын алуда. Атап айтқанда, тұрғындар үйлерінен көшкен кезде ит-мысықтарын қараусыз қалдырып кететін көрінеді. Салдарынан иесіз ит-мысықтар саны артып жатыр.
Бұл мәселеге қатысты Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев тиісті басқармаларға тапсырма жүктеді.
"Тұрғын үй басқармасы апатты жағдайдағы үйлерді күреу және тұрғындарды көшіру кезінде үй жануарларының бар-жоғын анықтап, қажет болған жағдайда тізімін жасау керек, яғни тұрғындарға ит-мысықтарының қайда және қалай тапсыруға болатыны туралы ақпарат берілуі тиіс", - деді Астана әкімі Ә.Исекешев.
Сонымен қатар, әкім Жергілікті полиция қызметіне қолданыстағы заңға сәйкес иттер қараусыз жүрген болса иесіне ескерту жасау, ал адамды қапқан жағдайда айыппұл төлету керектігін айтты.