Астанада биыл қанша адамның жануарлардан зардап шеккені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада биыл қанша адамның жануарлардан зардап шеккені белгілі болды

Жыл басынан бері қалада 1800-ге жуық адам үй жануарлары мен иесіз жануарлардан зардап шекті. Ит пен мысықтан зардап шеккендердің 37,7 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің медиаорталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жыл басынан бері қалада 1800-ге жуық адам үй жануарлары мен иесіз жануарлардан зардап шекті. Ит пен мысықтан зардап шеккендердің 37,7 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің медиаорталығына сілтеме жасап.

"Астана ветсервис" ЖШС-нің мәліметіне сәйкес зардап шекккендердің 60 пайызын қаңғыбас ит қапқан.

"2017 жылдың басынан бері қала бойынша мысық тырнап, ит қапқан 1 777 оқиға тіркелді. 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш төмендеген. Өткен жылы осы кезеңде 1838 оқиға тіркелген болатын", - деді Астана ветсервис өкілі қалалық әкімдікте өткен аппарат отырысында.

"Астана ветсервис" ЖШС бүгінге дейін 5457 қаңғыбас ит пен 569 мысықты аулады. Мамандардың айтуынша, қаладағы қаңғыбас ит-мысықтардың көбеюі ескі және апатты деп танылған тұрғын үйлерді сүру кезінде орын алуда. Атап айтқанда, тұрғындар үйлерінен көшкен кезде ит-мысықтарын қараусыз қалдырып кететін көрінеді. Салдарынан иесіз ит-мысықтар саны артып жатыр.

Бұл мәселеге қатысты Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев тиісті басқармаларға тапсырма жүктеді.

"Тұрғын үй басқармасы апатты жағдайдағы үйлерді күреу және тұрғындарды көшіру кезінде үй жануарларының бар-жоғын анықтап, қажет болған жағдайда тізімін жасау керек, яғни тұрғындарға ит-мысықтарының қайда және қалай тапсыруға болатыны туралы ақпарат берілуі тиіс", - деді Астана әкімі Ә.Исекешев.

Сонымен қатар, әкім Жергілікті полиция қызметіне қолданыстағы заңға сәйкес иттер қараусыз жүрген болса иесіне ескерту жасау, ал адамды қапқан жағдайда айыппұл төлету керектігін айтты. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети