23 сәуір 2015 | 14:18

Астанада білім беруге лицензиясы болмаған мектептің директоры жұмыстан шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

№ 76 мектебінің директоры Раушан Күшібаева. ©Tengrinews.kz № 76 мектебінің директоры Раушан Күшібаева. ©Tengrinews.kz

Білім беруге рұқсат беретін лицензиясы болмағандықтан № 76 мектебінің директоры Раушан Күшібаева жұмыстан шығарылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының қызметін уақытша атқарушы Альтаир Ахметов Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында хабарлады. Еске салайық, білім беру мекемесінде 2014 жылдың 16 қыркүйегінде оқушылардың бірі сыныптасын өлтірген болатын.


Иконка комментария блок соц сети

Білім беруге рұқсат беретін лицензиясы болмағандықтан № 76 мектебінің директоры Раушан Күшібаева жұмыстан шығарылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті төрағасының қызметін уақытша атқарушы Альтаир Ахметов Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына берген жауабында хабарлады. Еске салайық, білім беру мекемесінде 2014 жылдың 16 қыркүйегінде оқушылардың бірі сыныптасын өлтірген болатын.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің өкілдері өз кезегінде мектептегі мәселенің бұл оқиғадан бұрын анықталғанын мәлімдеді. Ведомство мәліметінше, 2014 жылдың 11 қыркүйегінде Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің өкілдері Астана әкімдігіне №76 мектептің білім беру ісіне лицензиясының жоқтығы жайлы хаттың жолданған. Директордың жұмыстан шығарылуымен бірге, тергеу нәтижесі бойынша, Астанадағы білім департаментінің орынбасары Бағлан Сматаева мен департаменттегі бөлім басшысы Жаңыл Қылышбаеваға сөгіс жарияланды. Қорытындысында білім беруге лицензия берілді. Ведомство өкілдерінің айтуынша, мектеп түлектерінің олардың оқыған мекемесінде лицензияның жоқтығынан зардап шекпейтінін айтты, себебі балаларға білім беруге рұқсат берілді.

Сонымен қатар, министрлік өкілдері бұл лицензияның берілу тәрбімен таныстырды. Мектептерге қажетті құжатты Білім және ғылым министрлігі "Білім беру туралы" заңға сәйкес, "Рұқсаттар мен хабарламалар туралы" туралы заң бойынша 30 күн ішінде беруі тиіс. Бұл құжаттың беретін құқықтары білім беру мекемесінің рұқсат алған сәтінен бастап заңды болады. Айта кетейік, ведомство мәліметінше, Астанадағы тағы екі мектеп білім беруге рұқсат алу үшін лицензияға өтінім берген. Бұл 73 және 75 мектептер. "Басқа жалпы білім беру мектептерінде лицензиясыз қызмет ету туралы деректері жоқ", - деді министрлік өкілдері.

Еске сала кетелік, бүгін таңертең №76 астаналық жаңа мектепте оқыс оқиға болды. 8-сынып оқушысы сыныптасының кеудесіне қаламсапты бар күшімен сұғып алған, сонын салдарынан ауыр жарақат алған бала іле-шала көз жұмған. Аталған оқиға бойынша Ішкі істер департаменті қылмыстық іс қозғады. Қажетті тексеру шаралары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети