Фото vk.com/kazboxing
Жексенбіде Астанада Жастар сарайында бокстан төрт ел құрамаларының жолдастық кездесуі басталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Ұлыбритания құрамалары қатысып жатқан турнирге ұлттық құрама №1 нөмірлі боксшылармен қатысуда. Ресей Федерациясы екінші құрамасын әкелсе, өзбектер бірінші, ағылшындар жаңа құраммен қатысуда. Жарыстың алғашқы күнінде Ресей мен Өзбекстан боксшылары кездесіп, 7:3 есебімен өзбектер жеңіске жетті. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы кездесуде 52 салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ерлан Тәменов Джон Бейтесоннан 3:0 есебімен ұтылды. 91 келі салмақ дәрежесінде ағылшындар боксшысын әкелмегендіктен оның орнына қосалқы жұп ретінде 64 келіде Самюэль Максвелл мен Айдар Әмірзақов кездесіп, нәтижесінде 2:1 ұпаймен жерлесіміз ұтылып қалды. Айта кететіні, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 49 келі салмақта әлем чемпионы Біржан Жақыпов жарысқа қатысуда. Ал аса ауыр салмақта Жан Кособуцкий өнер көрсетіп жатыр. Сонымен қатар, 75 келіде әлем және Азия чемпионы Жәнібек Әлімханұлы сырқатына байланысты жарыстан тыс қалды. "Біржан бүгін я ертең боксты қоямын десе оған ешкім тосқауыл болмайды. Ол бабын тексеріп көрмек үшін өнер көрсетеді. Егер осы салмақты мықты боксшы шығатын болса, Жақыпов орнын беруге дайын. Дегенмен, ұзақ жылдық тәжірибесі бар мұндай боксшысының құрамада болғаны жақсы. Өзгелерге үлгі және тәжірибе алмасуға таптырмайды", - дейді ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов. Бүгін түстен кейін Ресей мен Ұлыбритания және Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының өзара кездесуі өтеді. «Биыл жарыстар аз. Дегенмен біздің боксшылар жылды табысты бастап, жақында Венгрияда өткен халықаралық турнирден 5 жүлде әкелді. Осыдан кейін құрама Бакуде өтетін «Жібек жолы» турниріне қатысады. Одан әріде Польша мен Финляндияда өтетін турнирлері күтіп тұр. Жалпы, биылғы көктемде турнир аз болғалы тұр. Себебі, ірі саналатын халықаралық Галле, Чехия турнирлері мамыр, маусым айларына жоспарланған. Аса ауыр салмақтағы Иван Дычко жаттығуын бастап кетті. Ол сәуір айының соңында шаршы алаңға шығатын болады. Кособуцкий мен Дычко екеуінің қайсының бірінші құрамда өнер көрсететінің бапкерлермен ақылдаса отырып шешеміз. Бізге сырттағы жарыстарда жүлде алатын боксшы керек. Қазір құрамада әр салмақ үш боксшыдан 30 спортшы бар. Солардың арасында үздік шыққандарды жыл соңына таман Азия Ойындарына қатыстырамыз үміттеміз», - дейді М.Айтжанов.
Жексенбіде Астанада Жастар сарайында бокстан төрт ел құрамаларының жолдастық кездесуі басталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Ұлыбритания құрамалары қатысып жатқан турнирге ұлттық құрама №1 нөмірлі боксшылармен қатысуда. Ресей Федерациясы екінші құрамасын әкелсе, өзбектер бірінші, ағылшындар жаңа құраммен қатысуда.
Жарыстың алғашқы күнінде Ресей мен Өзбекстан боксшылары кездесіп, 7:3 есебімен өзбектер жеңіске жетті. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы кездесуде 52 салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Ерлан Тәменов Джон Бейтесоннан 3:0 есебімен ұтылды. 91 келі салмақ дәрежесінде ағылшындар боксшысын әкелмегендіктен оның орнына қосалқы жұп ретінде 64 келіде Самюэль Максвелл мен Айдар Әмірзақов кездесіп, нәтижесінде 2:1 ұпаймен жерлесіміз ұтылып қалды.
Айта кететіні, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 49 келі салмақта әлем чемпионы Біржан Жақыпов жарысқа қатысуда. Ал аса ауыр салмақта Жан Кособуцкий өнер көрсетіп жатыр. Сонымен қатар, 75 келіде әлем және Азия чемпионы Жәнібек Әлімханұлы сырқатына байланысты жарыстан тыс қалды.
"Біржан бүгін я ертең боксты қоямын десе оған ешкім тосқауыл болмайды. Ол бабын тексеріп көрмек үшін өнер көрсетеді. Егер осы салмақты мықты боксшы шығатын болса, Жақыпов орнын беруге дайын. Дегенмен, ұзақ жылдық тәжірибесі бар мұндай боксшысының құрамада болғаны жақсы. Өзгелерге үлгі және тәжірибе алмасуға таптырмайды", - дейді ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов.
Бүгін түстен кейін Ресей мен Ұлыбритания және Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларының өзара кездесуі өтеді.
«Биыл жарыстар аз. Дегенмен біздің боксшылар жылды табысты бастап, жақында Венгрияда өткен халықаралық турнирден 5 жүлде әкелді. Осыдан кейін құрама Бакуде өтетін «Жібек жолы» турниріне қатысады. Одан әріде Польша мен Финляндияда өтетін турнирлері күтіп тұр. Жалпы, биылғы көктемде турнир аз болғалы тұр. Себебі, ірі саналатын халықаралық Галле, Чехия турнирлері мамыр, маусым айларына жоспарланған. Аса ауыр салмақтағы Иван Дычко жаттығуын бастап кетті. Ол сәуір айының соңында шаршы алаңға шығатын болады. Кособуцкий мен Дычко екеуінің қайсының бірінші құрамда өнер көрсететінің бапкерлермен ақылдаса отырып шешеміз. Бізге сырттағы жарыстарда жүлде алатын боксшы керек. Қазір құрамада әр салмақ үш боксшыдан 30 спортшы бар. Солардың арасында үздік шыққандарды жыл соңына таман Азия Ойындарына қатыстырамыз үміттеміз», - дейді М.Айтжанов.