Астанада боран, Алматыда қар: 3 күндік ауа райы болжамы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада боран, Алматыда қар: 3 күндік ауа райы болжамы Фото:depositphotos.com

Синоптиктер Астана мен Алматыда 22, 23 және 24 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Астана мен Алматыда 22, 23 және 24 қаңтарда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанадағы ауа райы болжамы

22 қаңтар - құбылмалы бұлтты, аздаған қар, боран. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде -21…-23 градус, күндіз -17…-19 градус.

23 қаңтар - құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар, боран. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде -22…-24 градус, күндіз -18…-20 градус.

24 қаңтар - құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар, боран. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысады, секундына 9–14 метр. Ауа температурасы түнде -23…-25 градус, күндіз -15…-17 градус.

Алматыдағы ауа райы болжамы

22 қаңтар - құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 2–7 метр. Ауа температурасы түнде -8…-10 градус, күндіз 0…-2 градус.

23 қаңтар - құбылмалы бұлтты, кей уақытта қар, тұман, көктайғақ. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде -10…-12 градус, күндіз -4…-6 градус.

24 қаңтар - құбылмалы бұлтты, түнде қар. Кей уақытта тұман, көктайғақ. Жел батыстан секундына 3–8 метр. Ауа температурасы түнде -12…-14 градус, күндіз -2…-4 градус.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 506.65  course down  593.07  course down  6.55  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети