1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Астанада боранға байланысты ескерту жарияланды04 қаңтар 2015, 21:15

©astana.gov.kz ©astana.gov.kz

5 қаңтарда Астанада жел тұрып, боран соғады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Астана қаласы әкімдігінің сайтына сілтеме жасап. Елордада боранға байланысты ескерту жарияланды.

"Қазгидрометтің" хабарлауынша, 5 қаңтар күні Астанада боран соғады, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. 

Сонымен бірге, дүйсенбіде күн ала бұлтты болады, арагідік қар жауып, жел ұйтқиды. Температура түнде 9-11 градус аязға дейін төмендейді, күндіз сынап бағанасы 5-7 градус аяз аралығын көрсетеді. 

5 қаңтар күні Ақмола облысының көп бөлігінде де жел күшті болып, боран соғады, оңтүстік-батыстан және батыстан соғатын желдің екпіні кей жерлерде секундына 25 метрге дейін жетеді. Елордада 6 қаңтар күні де қар жауып, боран соғады, ауа температурасы түнде 8-10 градус аязға дейін төмендейді.