15 сәуір 2024 | 15:00

Астанада бір көшеге армян әліпбиі негізін қалаушының есімі беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Тұрар Қазанғапов

Президент өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту үшін көлік және логистика саласының маңыздылығына тоқталып, Қазақстан Арменияның Оңтүстік Кавказдағы көлік байланысын қайта жандандыруға ұмтылысын жоғары бағалайтынын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Президент өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту үшін көлік және логистика саласының маңыздылығына тоқталып, Қазақстан Арменияның Оңтүстік Кавказдағы көлік байланысын қайта жандандыруға ұмтылысын жоғары бағалайтынын жеткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Бұл ретте құрметті Премьер-министр Никол Пашинянның «Бейбітшілік торабы» бастамасына оң көзқараспен қараймыз. Сонымен қатар біз екі елдің астанасы мен басқа да қалалары арасында тікелей әуе рейстерін ашу туралы бастаманы қолдадық. Агроөнеркәсіп саласындағы тауар түрін көбейту және оларды жеткізу мәселелерін талқыладық. Сондай-ақ Цифрлық технология бойынша ынтымақтастықты дамыту қажет. Қазақстан армениялық серіктестерімен осы маңызды салада бірлескен жобаларды жүзеге асыруды көздеп отыр", – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Армениямен мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтуға баса мән беретінін айтты.

"Биыл Қазақстанда Арменияның мәдениет күндері өтеді. Бұл маңызды іс-шара халықтарымызды жақындата түсетіні сөзсіз. Әсіресе, рухани байланыстарымызды жандандырмақ. Сондай-ақ құрметті Армения Премьер-министрімен Ереван көшелерінің біріне ұлы Абайдың есімін беру туралы келісімге келдік. Ал Астананың бір көшесіне армян әліпбиінің негізін қалаушы, әулие Месроп Маштоцтың аты берілетін болды. Оған қоса армян қарпімен жазылған қыпшақ тіліндегі қолжазбаларды зерттейтін ғылыми топ құру туралы бастаманы құптадық. Оны Еуразия ұлттық университеті және Ереван мемлекеттік университеті бірлесіп жүзеге асырады", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев армян спортшыларын биыл қыркүйекте Қазақстанда өтетін бесінші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысуға шақырды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети