Астанада бір пәтердегі тұрғындар санына шектеу енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада бір пәтердегі тұрғындар санына шектеу енгізіледі Фото ©️ Турар Казангапов

Астанада бір пәтерге тіркелетін тұрғындар санына шектеу енгізілуі мүмкін. Тиісті заңнамалық түзетулерді Мәжіліс депутаттары қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада бір пәтерге тіркелетін тұрғындар санына шектеу енгізілуі мүмкін. Тиісті заңнамалық түзетулерді Мәжіліс депутаттары қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Вице-премьер, ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, қазіргі уақытта халық ірі қалаларда өмір сүруге ұмтылады. Бұл өз кезегінде басқа мәселеге әкеліп отыр.

"Тәжірибе көрсеткендей, көбінесе тұрғын үй иелері көші-қон заңнамасын бұза отырып, азаматтарды нақты тұрмайтын мекенжайға белгілі бір ақыға тіркейді", – деді Жұманғарин Мәжілістің жалпы отырысында.

Мәселені шешу үшін заңнамаға өзгерістер енгізу ұсынылып отыр. Елорданы және республикалық маңызы бар қалаларды дамыту мәселелері бойынша заң жобасында астанада тұрақты және уақытша тұруға тіркеу нормалары белгіленген.

"Мәслихат бір азаматқа қанша шаршы метр (келетінін - еск.) анықтайды. Сондай-ақ, елордада белгіленген нормалардан артық адам тіркеуге тыйым салынады. Алайда бұл талаптар пәтер иесінің жұбайы мен жақын туыстарын тіркеу жағдайына қолданылмайды", – деп қосты Серік Жұманғарин.

Заң жобасын әзірлеушілер пәтерлеріне нақты тұрмайтын адамдарды тіркеген меншік иелерінің жауапкершілігін күшейтуді ұсынады. Сондай-ақ тұрғындарды уақытында тіркеуден шығармайтындар да жауапқа тартылуы мүмкін. Тиісті түзетулер Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекске (ӘҚБК) енгізіледі.

Алайда Жұманғарин заң бұзғандарға қандай жаза қолданылатынын нақтыламады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети