Астанада бірнеше жол учаскесі жөндеуге жабылады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада бірнеше жол учаскесі жөндеуге жабылады Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Астанада бірнеше күнге жол учаскелері жөндеуге жабылды, жақын арада тағы бірнеше учаскені жабу жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада бірнеше күнге жол учаскелері жөндеуге жабылды, жақын арада тағы бірнеше учаскені жабу жоспарланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына сілтеме жасап.

Қорғалжын тасжолы мен Шыңғыс Айтматов көшесі қиылысында оң жақтан қосылатын жолдарды орташа жөндеу жоспарланған. Осыған байланысты 14-17 шілде аралығында аталған аумақта көліктер қозғалысы толығымен жабылады.

Керей, Жәнібек хандар көшелерінің бойында Қабанбай батыр даңғылынан Сауран көшесіне дейінгі жолды орташа жөндеу жоспарланған. Осыған байланысты 15 шілде мен 19 шілде аралығында аталған учаскеде көліктер қозғалысы толығымен жабылады.

Сондай-ақ, 15 шілдеге дейін Қабанбай батыр даңғылының бойындағы Қорғалжын тасжолынан Сарайшық көшесіне дейінгі учаскесі жабылады.

16 шілдеге дейін Кенесары көшесінің бойымен Янушкевич көшесінен Брусиловский көшесіне дейінгі учаскеде көлік қозғалысы шектеледі.

20 шілдеге дейін Арай көшесінің бойындағы Жауқазын көшесінен Ғарышкерлер көшесіне дейінгі учаске толығымен жабылады.

Тұлпар көпірінде де жол бөлігін орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көпірдегі көлік қозғалысын ішінара жабу 3 тамызға дейін жалғасады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарынан көлік кептелісін азайту үшін маршрутты алдын ала жоспарлау сұралды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети