Астанада бірыңғай медициналық ақпараттық сall-орталық өз жұмысын бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Астанада бірыңғай медициналық ақпараттық сall-орталық өз жұмысын бастайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, елордада денсаулық саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған сall-орталық ашылды. "Сall-орталық жұмысы нәтижесінде медициналық қызмет сапасын арттырып, қала емханаларындағы кезек мәселесін жою көзделіп отыр. Ақпаратты орталық арқылы тұрғындар қала дәріханаларында дәрілердің бар-жоғын біле алады, сонымен бірге, денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысы бойынша өз арыз-шағымдарын қалдыра алады", - деп жазылған әкімдіктің ресми сайтында.
963-777 немесе 1300 телефон номерлері арқылы елорда тұрғындары сауалдарын жолдап, денсаулық сақтау мамандарынан кеңес ала алады.
Ақпараттық орталық күнделікті сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін жұмыс істейді.