Қазақстан аймақтарында 2017 жылғы 1 шілдеде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультациясы жария етілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Мамандардың болжамына қарағанда, Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың кей жерлерінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр күтіледі, найзағай болады, жел күшейеді, солтүстік пен шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Тек республиканың батыс және оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
"Ақмола, Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ болуы ықтимал. Қостанай, күндіз Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Қызылорда облысында, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде ыстық болады, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық, кей жерлерінде өте қатты ыстық күтіледі", - деп хабарлады синоптиктер.