Астанада бұрын Тимур Құлыбаевқа тиесілі болған учаскенің тағдыры не болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада бұрын Тимур Құлыбаевқа тиесілі болған учаскенің тағдыры не болады? Фото ©️ Tengrinews.kz

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек "Керуен" сауда орталығының алдындағы қазіргі сквер орналасқан жер учаскесінің болашағы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек "Керуен" сауда орталығының алдындағы қазіргі сквер орналасқан жер учаскесінің болашағы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты, заңгер Бақытжан Базарбек Facebook-парақшасында бұл жер учаскесі Тимур Құлыбаевқа тиесілі болғанын, алайда Ауыл шаруашылығы министрлігінің жер ресурстарын басқару комитеті мен республикалық Jer Amanaty жер комиссиясы оны мемлекеттік меншікке қайтарғанын мәлімдеген.

"Бұл учаске астаналықтарға "Северное сияние" тұрғын үй кешені мен "Керуен" сауда орталығының арасындағы үлкен бос жер ретінде белгілі, ол ұзақ уақыт бойы пайдаланылмай келген", – деп жазды Базарбек.

Бүгін Есіл ауданы тұрғындарымен есептік кездесуде Астана әкімі Жеңіс Қасымбек "Керуен" сауда орталығының алдындағы жер учаскесі, яғни қазіргі сквер, мемлекеттік қорға өтетінін мәлімдеді.

"Жер толықтай қалаға қайтарылады. Құрылысшы салған қаражат қала активінде қалады, яғни жекеменшікте болмайды. Бұл парк қазірдің өзінде қала тұрғындарына қолжетімді және ол қалаға өте қажет. Әкімдік аумақты абаттандыру бойынша байқау өткізіп қойды", – деді Қасымбек.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети