11 қыркүйек 2015 | 13:15

Астанада Bus lane белгісін салуға 200 миллион теңге бөлінді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада Bus lane белгісін салуға 200 миллион теңге бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап. Айта кетейік, бүгін қалалық мәслихаттың 56-шы сессиясының күн тәртібіне Астана қаласының 2015 жылға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселе енгізілді. Мәслихат отырысына Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин қатысты.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада Bus lane белгісін салуға 200 миллион теңге бөлінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімдік сайтына сілтеме жасап. Айта кетейік, бүгін қалалық мәслихаттың 56-шы сессиясының күн тәртібіне Астана қаласының 2015 жылға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселе енгізілді. Мәслихат отырысына Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин қатысты.

Осы мәселе бойынша Астана қаласының Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Жанат Нұрпейісов баяндама жасады. Бюджеттік қаражатты игеруді мониторингтеу негізінде басқармалар арасында қайта бөлу жолымен жеке бюджеттік бағдарламалар бойынша жылдық жоспарлық тағайындауларды қайта қарастыру туралы ұсыныстар енгізілді. Қалалық мәслихаттың шешімімен елорданың 2015 жылға арналған бюджетінің жалпы көлемі 358 миллиард 190 миллион теңгені құрады.

Елорданың әлеуметтік көрсеткішінің өсуі қалалық бюджет жоспарының орындалуына әсер етті. Ағымдағы жылдың қаңтар-тамызына дейін жергілікті бюджетке 120 миллиард 200 миллион теңге түскен. Жоспар асыра орындалып, 5,4 миллиард теңгені құрады.

Астана қаласының Білім басқармасына бюджеттен 1 миллиард 162 миллион теңге, оның ішінде 1-4 сынып оқушыларын тегін тамақпен қамтамасыз етуге - 1 миллиард 93 миллион теңге бөлінеді. Бір адамға күніне 268 теңге бөлінеді. 21 миллион теңге мектептерді автономды жылытуға дизель жанармайын сатып алуға, ал қалған қаражат оқулықтарға бөлінеді.

Сондай-ақ, Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына Қарттар күніне орай бір реттік төлем жасау үшін 60 миллион теңге бөлінді. Денсаулық сақтау басқармасына 2015 жылға 355 миллион теңге қарастырылды, қан мен оның құрамын өндіруге - 95 миллион теңге, дәрі-дәрмектер сатып алуға - 200 миллион теңге және жаңадан берілген екі медициналық орталыққа - 60 миллион теңге бөлінеді. Сондай-ақ әлеуметтік маңызды нысандарға кіреберіс жолдарын жөндеуге 188 миллион теңге және Bus lane жолдарын жасау үшін - 200 миллион теңге, сондай-ақ Астана LRT бағдарламасын жүзеге асыруға 1 миллиарл 66 миллион теңге қаражат қарастырылды.

Сонымен қатар, мәслихат сессиясында елорданың құрылысына, қалыптастыруға және дамытуға қосқан зор үлесі үшін "Стройконструкция" АҚ Президенті Виктор Буллерге "Астана қаласының құрметті азаматы" атағы берілді. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети