Астана қаласында 40-қа жуық құрылысшы жалақыларын ала алмай полицияға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Астана қаласында 40-қа жуық құрылысшы жалақыларын ала алмай полицияға шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Астана қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметі мамандарының мәлімдеуінше, 15 желтоқсан сағат 11.00-де Астана қалалық ішкі істер департаменті ғимаратының алдына 30-40 адам жиналып, департамент басшылығынан "Corpouftion AE" ЖШС басшысы Елдар Алтынбековтен жалақыларын алып беруге қолғабыс қылуды өтінді.
"Азаматтармен ІІД басшылығы мен "Сарыарқа" аудандық прокуроры кездесіп, мәселенің егжей-тегжейін талқылады", - делінген хабарламада.
Айта кетейік, дәл бүгін Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков құрылыс объектілеріндегі жұмысшылардың жалақысын қадағалауды еңбек инспекция басқармасына тапсырған болатын, сонымен қатар жұмыс берушілердің міндеттемелерді орындауына баса назар аударуды тапсырды.