Астанада дамуы тежелген оқушы сабақтан кейін соққыға жығылған

Астанада дамуы тежелген оқушы сабақтан кейін соққыға жығылған instagram/aigul_taibekova2207

Астанада сөйлеу және психикалық дамуы тежелген оқушының анасы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ұлын сабақтан кейін құрдастары соққыға жыққанын мәлімдеді. Оның айтуынша, шабуыл жасөспірім сыныптан шыққан кезде болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Астанада сөйлеу және психикалық дамуы тежелген оқушының анасы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында ұлын сабақтан кейін құрдастары соққыға жыққанын мәлімдеді. Оның айтуынша, шабуыл жасөспірім сыныптан шыққан кезде болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әйелдің айтуынша, ұлын сегіз бала күтіп тұрған. Анасының сөзінше, олардың бірі жасөспірімге артынан тап беріп, қылқындыра бастаған және соққыға жыққан. Қалғандары қасында тұрып, күліп, болған жайтты телефонға түсіріп алған және басқа балалардың араша түсуіне кедергі келтірген.

"Буллинг - бұл тек ұрып-соғатын адам емес. Бұл - баланы жұрт болып қорлап жатқанда үндемей тұрғандар, айтақтағандар, видеоға түсіргендер және бақылап тұрғандар", - деп жазды ол.

Жарнама
Жарнама

Астана қаласының Полиция департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Оқиғаның барлық қатысушысы анықталып, полицияға жеткізілді. Олар профилактикалық есепке алынды. Кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін заңды өкілдер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Сонымен қатар мектеп әкімшілігі мен заңды өкілдердің қатысуымен құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесі өткізілді. Оның барысында осындай фактілерге жол бермеу, кәмелетке толмағандардың мінез-құлқына бақылауды күшейту, ата-аналардың бала тәрбиесіне және өз міндеттерін тиісінше орындауына жауапкершілігін арттыру, сондай-ақ оқушылар мен олардың заңды өкілдері арасында профилактикалық жұмысты жандандыру шаралары қаралды", - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Атырау облысында жасөспірімдердің төбелесі видеоға түсіп қалған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама