Атырау облысында жасөспірімдердің төбелесі видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында жасөспірімдердің төбелесі видеоға түсіп қалды Видеодан кадрлар

Атырау облысының Жылыой ауданында жасөспірімдердің төбелесі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.


Атырау облысының Жылыой ауданында жасөспірімдердің төбелесі видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның сәуір айында болғанын және оның барлық қатысушысы анықталғанын хабарлады. Заңсыз әрекеттерге 13–14 жастағы жасөспірімдердің қатысы бар болып шыққан. Кәмелетке толмағандар заңды өкілдерімен бірге полиция бөлімшесіне жеткізілген.

Жасөспірімдер ішкі істер органдарының профилактикалық есебіне алынған, ал жиналған материалдар тиісті шаралар қолдану үшін кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жолданды.

Сонымен қатар кәмелетке толмағандардың ата-аналары балаларды тәрбиелеу, оқыту және күтіп-бағу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 471.06   546.68   6.61 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер