Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жеткізілген алты жасар қыздың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне орталықтың дәрігерлері хабарлады.
Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына жеткізілген алты жасар қыздың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне орталықтың дәрігерлері хабарлады.
2016 жылдың 27 тамызында облыстық балалар ауруханасынан Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығындағы балалардың анестезиология мен жансақтау бөліміне 2010 жылы дүниеге келген қыз жеткізілді.
Анестезиолог-жансақтау бөлімінің дәрігерлері мен Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының нефрологы Санитарлық авиация республикалық орталығымен біріге отырып, қызды тексеріп, клиниканың басшылығымен науқас қызды Астанадағы Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығына ауыстырған болатын.
"Қазір қыздың жағдайы аса ауыр, коматоз күйде жатыр. Оның өкпесіне аппарат қосылды. Интенсивті терапия алып жатыр", - деді Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының баспасөз қызметіндегілер.
Сонымен қатар, невролог, гинеколог, пульмонолог, көз дәрігері, нефролог, эндокринолог, хирург қыздың жағдайын қарап, кеңес берген болатын. Қазіргі уақытта зертханалық зерртеулер мен қосымша диагностикалық сараптамалар тағайындалды.
Еске салайық, Ақтауда 20 тамызда № 1 ықшамауданда 6 жасар қыз жоғалып кеткен болатын. Ал 22 тамызда 6 жасар қыздың зорлануы дерегі бойынша тергеу басталды.