Астанада және Ақмола облысында дауыл тұратыны хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК өкілдеріне сілтеме жасап.
Астанада және Ақмола облысында дауыл тұратыны хабарланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Астана қаласында: 26-28 қарашада кей уақытта бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтілуде. 26-28 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде боран соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге, кей жерлерде секундына 23 метрге дейін жетеді деп күтіледі.", - делінген хабарламада.
Ал осыған дейін синоптиктер 2016 жылдың 26-28 қараша аралығындағы демалыс күндеріне ауа райы болжамын жария еткен еді. "Республиканың солтүстік жартысындағы ауа температурасының едәуір көтерілуі - жылы атлантикалық ауа массаларының ықпал етуінен болып отыр. Демалыс күндері тропосферадағы ауа батыс массасының ауысуы Қазақстанда әлі сақталады. Осы ретте республиканың барлық аумағында температураның жоғарылауы күтіледі", - делінген болжамда.