Астанада дауылға байланысты ескерту жарияланды

© kaspyinfo.ru

Астанада дауылға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, Астанада 13 наурыз күні таңертең және күндіз жауын-шашынды болады. Сонымен қатар, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

"13 наурызда Ақмола облысында жауын-шашынды, кей жерлерде көктайғақ болады. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 25 метрге дейін жетеді", - деп ескертті мамандар.

Реклама
Реклама

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер елімізде демалыс күндері жауын-шашынды ауа райының күтілетінін хабарлады. 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама