11 наурыз 2016 14:03

Демалыс күндері жауын-шашынды ауа райы күтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© almaty.tv © almaty.tv

Синоптиктер 2016 жылғы 12-14 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2016 жылғы 12-14 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Мамандардың болжамына қарағанда, Қазақстанның көптеген облыстарында жауын-шашынсыз ауа райын ұстап тұрған антициклон бұзылады және Сібірдің оңтүстігіне ауысады. "Оның орнына Ресейдің Еуропа аумағынан атмосфералық фронттармен циклон жылжи бастайды. Сондықтан демалыс күндері республиканың көптеген бөлігінде бірінші жылы, сондан кейін суық атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, тұман, көктайғақ күтіледі", - делінген хабарламада.

Ал солтүстік облыстарда боран соғуы мүмкін және жел секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін, оңтүстікте жаңбыр, таулы аудандарда жылымық қар. Сонымен қатар, ауа температурасы төмендейді, бірақ осы кезеңдік климаттық нормадан жоғары болуы сақталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети