ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 12 наурыз 2016 17:00
Астанада дауылға байланысты ескерту жарияланды
Астанада дауылға байланысты ескерту жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" кәсіпорнына сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, Астанада 13 наурыз күні таңертең және күндіз жауын-шашынды болады. Сонымен қатар, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
"13 наурызда Ақмола облысында жауын-шашынды, кей жерлерде көктайғақ болады. Күндіз оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 25 метрге дейін жетеді", - деп ескертті мамандар.
Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер елімізде демалыс күндері жауын-шашынды ауа райының күтілетінін хабарлады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу