Астанада дизайн-кодтың бұзылуына байланысты 1200-ден аса жарнамалық белгі алып тасталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада дизайн-кодтың бұзылуына байланысты 1200-ден аса жарнамалық белгі алып тасталды Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі

Астанада дизайн-кодтың бұзылуына байланысты 1200-ден аса жарнамалық белгі алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік ресми сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада дизайн-кодтың бұзылуына байланысты 1200-ден аса жарнамалық белгі алып тасталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық әкімдік ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанада 2019 жылы бекітілген қаланың дизайн-кодына сәйкес сыртқы жарнама мен маңдайшаларды ретке келтіру бойынша белсенді жұмыс жүріп жатқаны хабарланды.

Қазіргі уақытта бекітілген дизайн кодқа сәйкес келмейтін 1200-ден аса жарнамалық элемент бөлшектелген. Мұндай заңбұзушылықтарды жою үшін шағын және орта бизнес иелеріне сыртқы жарнаманы сәйкестендіру туралы хабарламалар жіберіледі.

"Бұл жұмыс қаланың барлық ауданында жүргізіледі. Астана қаласының Урбанистика орталығы маңдайшалар бойынша 400 эскиздік ұсыныс пен ұсыным әзірледі. Қалалық Урбанистика орталығында келісілмеген сыртқы жарнама визуалды шу шығаратынын, қаланың жалпы көрінісі мен үйдің келбетін бұзатынын атап өтті. Мақсат – сыртқы жарнаманы ретке келтіру, біртұтас және тартымды қалалық ортаны құру", - делінген хабарламада.

Мысалы, қазіргі уақытта "Лазурный квартал", "Триумфальный тұрғын үй кешендері, сондай-ақ Сәтбаев, Түркістан көшелерінің, Мәңгілік ел, Республика даңғылдарының және т.б. бойында орналасқан тұрғын үй кешендері бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети