Астанада дрифт жасаған қар тазалайтын техника видеоға түсіп қалды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанада дрифт жасаған қар тазалайтын техника видеоға түсіп қалды видео кадры

Астанадағы автотұрақтардың бірінде түсірілген видео желіде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы автотұрақтардың бірінде түсірілген видео желіде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мән-жайы

Кадрлардан қар тазалайтын техниканың автотұрақта дрифт жасап, айналасындағылардың назарын аударғанын көруге болады.

Полиция не дейді?

Астана Полиция департаменті мәліметінше, қар тазалайтын автокөліктің жүргізушісі маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

"Сонымен қатар, құқық бұзушымен профилактикалық әңгіме жүргізілді", - деп қосты ПД өкілдері.

Сондай-ақ, демалыс күндері полиция қызметкерлері жолда дрифт жасаған 26 жүргізушіні анықтаған.

"Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында, жалпы пайдаланудағы жолдарда дрифтке және басқа да қасақана маневрлерге тыйым салынғанын еске саламыз. Мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың барлығының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді және қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады", - делінген полиция хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 494.65  course down  583.73  course up  6.41  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети