18 ақпан 2018 | 09:32

Астанада дүкен аралаған экс-депутаттың басы дауға қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© youtube/ТАНИРБЕРГЕН © youtube/ТАНИРБЕРГЕН

Астанада дүкендердің бірінің директоры қазақстандық танымал YouTube-блогер Тәңірберген Бердоңғар сауда орнының ішінде видеотүсірілім жасамақ болғанда полиция шақыртты.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада дүкендердің бірінің директоры қазақстандық танымал YouTube-блогер Тәңірберген Бердоңғар сауда орнының ішінде видеотүсірілім жасамақ болғанда полиция шақыртты.

"Қазақстан Республикасында тұтынушылардың құқығын қорғау бойынша заңға сәйкес, біз кез келген дүкеннің территориясында түсірілім жасауға құқылымыз... Мен өз азаматтық құқығымды пайдаланғым келеді... Мен ешкімге ескерту жасап, ештеңе дәлелдеуге міндетті емеспін... Қазақстанның Заңы кез келген ішкі қаулыдан жоғары тұрады", - деп мәлімдеді блогер. Сонымен қатар, ол 24-бапқа сілтеме жасады, ол жерде сатушының фото-видеотүсірілім жасау кезінде тұтынушының құқығын шектеуге тыйым салынатыны көрсетілген.

Алайда дүкен қызметкерлері түсірілім жасауға "құқығының жоқ екенін" айтқан. Ұзаққа созылған дау-дамайдан кейін олар алдымен күзетті, кейін полицейлерді шақырды. Құқыққорғаушылар келіп, блогердің жағына шыққан.

"Осындай видеолар арқылы біз елдегі тәртіпті түзейміз. Дүкендердің басшылары, заңды мұқият оқыңыздар. Қатардағы тұтынушылардың қандай да бір алдын ала ескертусіз, дүкендерде, сауда орындарын қоса алғанда барлық қоғамдық орында түсірілім жасауға толық құқығы бар", - деп түсіндірді блогер видео соңында.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети