13 маусым 2017 | 14:17

Астанада Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Elorda Aqparat © Elorda Aqparat

Биыл 22-25 маусым аралығында Астанада халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Биыл 22-25 маусым аралығында Астанада халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Дүниежүзі қазақтарының V Құрылтайы өтеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Құрылтай бағдарламасының негізі ҚР Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" атты бағдарламалық мақаласында айтылған тұжырымдамалық идеяларына құрылған.

Дүниежүзі қазақтарының Құрылтайы еліміздің қоғамдық-саяси өміріндегі маңызды оқиға болып саналады. Ол 1992-2017 жылдар аралығында өткен бес Құрылтайдың өзара сабақтастығының бар екендігін көрсетеді жәнетәуелсіздік кезеңдерінде Қазақстан Республикасының айтулы табыстарға, соның ішінде этникалық көші-қон саясатының жетістіктерінеқол жеткізгендігін паш етеді.

Құрылтай жұмысына барлығы 750 делегаттар мен қонақтар қатысады, оның 350 адамы алыс және жақын шетелдердегі әлемнің 39 елінен келді. Құрылтай делегаттары мен қонақтарының 80 пайызы мұндай іс-шараға алғаш рет қатысады.

750 делегаттар мен қонақтардың басым көпшілігі ғылыми-шығармашылық және педогогикалық зиялылар өкілдері, бизнес, спорт, бұқаралық ақпарат құралдары салаларының мамандары, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың қызметкерлері болып саналады.

Алдыңғы төрт Құрылтайға қатыспаған әлемнің сегіз елінен V Құрылтайға делегаттар мен қонақтар келіп отыр. Олардың қатарында Жапония, Корея Республикасы, Италия, Ирландия, Черногория, Польша, Әзірбайжан, Молдова елдері де бар.

Құрылтай делегаттары мен қонақтарының 60 пайызын 35 жасқа дейінгі жастар құрайды. Олар дені - түрлі елдердегі және Қазақстандағы жастар ұйымдарының, студенттік бірлестіктерінің көшбасшылары, магистранттар, докторанттар және жас мамандар.

Құрылтай аясында тұңғыш рет "Нұр Отан" партиясының қолдауымен "Жастар рухани жаңғыруды қолдайды" атты дүниежүзі қазақ жастары көшбасшыларының форумы өтеді.

Құрылтайға шетелден келетін қандастар қатарында - Молдова Республикасы Парламентінің депутаты, ғалым-саясаттанушы Богдан Кайдарұлы Цырдя (Киікбаев), Ресей Федерациясының Томск облысы губернаторының әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары Шыңғыс Ақатаев, РФ-інің Алтай Республикасындағы Турата ауданының әкімі Аманжол Сахарьянов, Омбы облыстық алтыншы шақырылған заң шығарушы жиналысының депутаты Нұрлан Қартабаев, Орынбор облысындағы Орск қалалық кеңесінің депутаты Құрмамбай Құмақбаев, Санкт-Петербордағы Аймақтық экономика және заң университетінің ректоры Ерлан Ысқақов, Қырғызстан халықтары Ассамблеясы кеңесінің мүшесі Еркін Бөлекбаев, Мәскеуден Алаш Орда тарихының белгілі зерттеушісі, Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент-мүшесі, тарих ғылымдарының докторы Дина Киселева (Аманжолова), Батыс Сібір қазақтарының этнографиялық және тұрмыстық мәдениеті жөніндегі монографиялар авторы, доцент Шолпан Ахметова Омбы қаласынан, Абай өлеңдерін өзбек тіліне аударған Абдолла Рүстемов, түмендік белгілі журналист, "Көшпенділер" деректі кітабының авторы Қалил Қабдулуахитов бар.

Құрылтайға келетін Ағыпар Бәкей Моңғолия ауылшаруашылығы ғылыми академиясының вице-президенті, Бауыржан Ермекбаев Қарақалпақстандағы аудандық соттың төрағасы, Гүлсім Масақова Берлиндегі (Германия) Гумбольд университетінің Орта Азияны зерттеу Орталығы "Қазақстан тарихы және қазақ тілі" кафедрасының меңгерушісі болып жұмыс істейді.

Делегаттар арасында - Ресей екінші Мемлекеттік Думасының депутаты, "Алашорда" қозғалысы жетекшілерінің бірі, Түріксіб теміржолын жобалау мен салуды белсенді түрде жүзеге асырушы, қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы-инженер, қоғам қайраткері Мұхамеджан Тынышпаевтың немересі, металлтану саласындағы философия докторы, канадалық Асқар Шейх-Әлі, атақты дінтанушы-ғалым Халифа Алтайдың Франция және Қазақстанда тұратын ұлдары, Түркиядағы колледж директоры Өзтопырақ Сүлеймен, Өзбекстан, Моңғолия, Ресейдің Омбы облысындағы, АҚШ-тағы (Хьюстон, Техас штаты) қазақ тіліндегі мектептердің директорлары мен мұғалімдері, Моңғолия мен Ресейдің Алтай Республикасындағы қазақ мұражайларының директорлары, Моңғолияның Баян-Өлгей аймағындағы М.Құрманхан атындағы қазақ драма театрының директоры, моңғол телевидениесіндегі қазақ тіліндегі тұңғыш бағдарлама авторы, таэквондадан Түркия чемпионы, Иранның Сари қаласындағы қазақ диаспорасы арасынан шыққан тұңғыш инженер әйел бар.

Делегаттардың көпшілігі қазақ тілін, ұлттық салт-дәстүрлерді, бекзаттық мәдени мұраларды  сақтау және насихаттау, гендерлік қозғалысты дамыту жөнінен шетелдердегі танымал қоғам қайраткерлері болып табылады.

Сондай-ақ, Құрылтайға Германия, Франция, Өзбекстан, Ресей елдеріндегі этномәдени қозғалыстың ардагерлері де қатысады. Олардың ішінде Кельннен келген Әбдірахман Четин, Париждегі ақсақалдар кеңесінің төрағасы Абдулсәмет Алтай, ташкенттік Ташболат Бабажанов, Ленинград облысы және Санкт-Петербор қаласы қазақ қоғамының президенті Сәрсенғали Құспанов бар. Ауғанстан, Түркия, АҚШ, Германия, Франция, Латвия, Белоруссия, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ресей мен Қазақстан елдерінің шағын және орта бизнес өкілдері де Құрылтай делегаттары ретінде өз салаларының проблемалары туралы ой бөліспек. Құрылтай делегаттарының ортасында Ресей, Моңғолия, Қырғызстан және Түркиядағы (алғаш рет) танымал журналистер, ақпарат құралдарының (газет, журнал, телевидение, радио) редакторлары мен бас редакторлары да бар.

Түрік тілдес мемлекеттер ынтымақтастығы Кеңесі (Түрік кеңесі) Бас хатшысының орынбасары Омер Кожамен, "Түріксой" халықаралық ұйымының Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, шетелдік әзірбайжандармен жұмыс жөніндегі мемлекеттік Комитеттің төрағасы Назым Ибрагимов (Баку қ.), Франция қазақтары қауымдастығының президенті Берлин Иришев (Париж қ.), Моңғол Елшісі дәрежесіндегі, Дүниежүзілік моңғол конгресінің жетекшісі Дагва Цахилгаан (Ұлан-Батыр қ.)  Құрылтайға алғаш рет құрметті қонақ ретінде шақырылып отыр. Құрылтайға Душанбеден филология ғылымдарының докторы, Ресей-Тәжікстан (Славян) университетінің профессоры, Тәжікстан қазақтарының тарихы туралы ғылыми монографияның авторы Абсаттор Нұралиев қатысады.

Социалистік Еңбек Ері, КСРО Халық әртісі, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бибігүл Төлегенова, Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақ КСР-інің Халық жазушысы Олжас Сүлейменов, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығының иегері Марфуға Айтқожина, КСРО Халық әртісі, Қазақстанның Еңбек Ері Асанәлі Әшімов, тұңғыш қазақ ғарышкері, Кеңес Одағының Батыры  Тоқтар Әубәкіров, Халық қаһарманы, ғарышкер Талғат Мұсабаев, Халық қаһарманы, ғарышкер Айдын Айымбетов, Қазақ КСР-інің Халық әртісі және Қазақстан мемлекеттік сыйлығының иегері Роза Рымбаева, Қазақстанның Халық әртісі, Еңбек Ері Айман Мұсаходжаева, олимпиада чемпиондары Ислам Қанат, Бақтияр Артаев, Данияр Елеусінов, Қазақстан чемпионы Ақжүрек Таңатаров, т.б. қазіргі атақты спортшылар,ұзақ жылғы ұстаздық жемісті қызметі үшін елімізде тұңғыш рет Қазақстанның Еңбек Ері атанған Аягүл Миразова да Құрылтайдың құрметті қонақтары болып табылады.

Делегаттар қатарында - экономика, ғылым және білім, мәдениет пен спорт, бизнестің дамуына елеулі үлес қосқан белгілі оралмандар. Айталық, "Құрмет" орденінің иегері, Ресейлік мұнайшы Қайнулла Қасенов, Моңғолияның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Авхий Хавлаш, физик ғалым Досан Баймолда Моңғолиядан, философ Эркин Байдаров Өзбекстаннан, шығыстанушы Ислам Жеменей Ираннан, Қытайдан келген аудандық маслихат депутаты Бәзілхан Әбдіғани, журналист Құтмағамбет Қонысбай Қарақалпақстаннан, суретші Рыстан Өмірзақ Моңғолиядан, кәсіпкер Нығарбай Төлеубай Моңғолиядан, опера әншісі Тілеубек Қожанұлы, ақындар Алмас Сақбаев пен Қайрат Құлмұхамед Қытайдан және т.б. қоныс аударған.

Құрылтай жұмысына ҚР Парламентінің Сенат және Мәжіліс депутаттары, министрлік пен ведомствалар басшылары, түрлі партиялардың, қоғамдық қозғалыстардың көшбасшылары, Қазақстандағы ұлттық-мәдени орталықтардың басшылары қатысады. "Нұр Отан" партиясының өкілдері де бұл жиынға кеңінен қатыстырылмақ.

Ұлт Көшбасшысы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының Төралқа Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемге мәшһүр беделінің нәтижесінде тарихи отандарының қол жеткізген табысымен танысуға деген құштарлық Құрылтайға келетін шетелдік делегаттардың басын біріктіреді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.87   523.31   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети